Ол әлемнің түрлі елдерінде оқып, тамақ әзірлеудің қыр-сырын үйренді. Сөйтіп халықаралық деңгейдегі бас аспаз атанды. Роберто білікті маман ретінде Қазақстанға шақыртылған. Келісімшарт бір жылға ғана жасалған. Алайда бразилиялық Қазақстанда қалып, осында өз ісін ашуды ұйғарған. Сол кезден бері 10 жыл өтті. Бұл уақыт ішінде Роберто үйленіп, балалы болды. Бразилиялық мейрамхана ашты. Ол өз үлгісімен болашаққа сеніммен қараудың арқасында кез келген қиындықты еңсеруге болатынын көрсете алды. My Day in Kazakhstan бағдарламасының жаңа кейіпкері Роберто Сантосты қарсы алыңыздар!