Венгрия астанасы Будапешттегі Варошлигет қалалық бағында орналасқан сәулет өнерінің қайталанбас кешені.
Бұл қамал аса көне ғимарат саналмаса да бір кездері жергілікті жұрттың зәресін ұшырды. Себебі күн батысымен қорған ішін елес кезген. Айсыз қараңғы түндердің бірінде бекіністің бір қуысынан өткен ғасырларда кең танылған кейіпкер қылаң берген. Тас бауыр граф Дракула. Ол ойламаған жерден шыға келген.
Венгрдің танымал актері, әйгілі сарайы. Бірақ ғимарат түпнұсқа емес. Трансильванияның оңтүстігінде орналасқан Корвинов әулетіне тиесілі болған көне қамалдың көшірмесі.
Бұл қамалдың аңызға айналған қанішерге қандай қатысы бар және неліктен оны «Дракула» деп атаған? Қанқұмар графтың бейнесі кімнен көшірілген? Сондай-ақ бұл оқиғаға Қазақстанның қандай қатысы бар? «Құмсағат» бағдарламасынан көріңіздер!