«Qazaq Quest» бағдарламасының жүргізушісі Бақыт Қанат Қазақстанның ең көне қалаларының бірі – Түркістанға жол тартады. Ол Есім хан мен Қожа Ахмет Яссауидің кесенелеріне тоқтап, Отырар мен Сауран қалашықтарын аралап шығады. Сондай-ақ алғашқылардың бірі болып Керуен-сарайда қыдырып, таңғажайып жарық шоуын тамашалайды.