«Қазақ Квест»: Айдын Жасыбай өз ойынын Тараз шаһарында жалғастырады

Тараз қаласы тарихқа өте бай, мұнда тарихи ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары өте көп. Ол – Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Азиядағы ежелгі қалалардың бірі. Дәл осы жерде, Жамбыл облысының аумағында, Шу мен Талас өзендерінің аралығында 1465 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ хандығын құрды. Бүгін біз еліміздің ең көне қаласының қандай құпиялары барын білетін боламыз.

Ежелгі Тараз аса ірі әкімшілік орталық болғандықтан, Ұлы Жібек жолындағы басты орындардың бірі саналады. Оның дамып, өркендеуі әйгілі сауда жолының тарихына қатысты болды. Қала туралы алғашқы мәліметтер біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырдың ортасындағы қытайлық деректерде кездеседі. Өңір тарихында Тараз халықаралық сауда, қолөнер, ғылым мен мәдениеттің маңызды орталықтарының бірі ретінде баға жетпес рөл атқарды.

1856 жылы қала Қараханның құрметіне «Әулиеата» деп аталды. Кейін ол 1938 жылдан бастап қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың есімін иемденді. Ал 1997 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қалаға оның ежелгі Тараз атауы қайтарылды және тарихи сабақтастық қалпына келтірілді. 2002 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен Тараз қаласының 2000 жылдығын мерекелеу жөніндегі салтанатты іс-шаралар өткізілді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?