Виктор Мунның әрбір картинасы өзінің өмір жолын баяндап тұрғандай. Ол ұзақ жыл Корей музыкалық театрында қызмет етті. Сол жерде жүріп спектакльдерге декорация дайындады. Оның көптеген жұмыстары шіркеудегі уағыз кезіндегі сызба нобайдан туған болатын. Өнертанушылар Виктор Мунның еңбектерін кубизмге балап, Пабло Пикассомен теңестіріп жатады. Оның қыл қаламынан өмірге келген еңбектер Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік музейде, Қазақстанның мемлекеттік орталық музейінде, Корея, АҚШ, Англия, Германия, Франция, Ресей, Мысыр, Жапонияның галлериялары мен жекелеген коллекционерлер қорынан ойып тұрып өз орын алған.