Бағдарлама қонағы Education Global Futures бастамасының директоры Павел Лукша жасанды интеллект жүйелері мен сандық технологиялардың рөлі туралы әңгіме өрбітпек.
Жасанды интеллект жүйелері қай уақытта адамнан да саналы болады? Алдағы уақытта жасанды интеллект адамзатқа пайда әкеле ме? Ал кері әсері ше? Цифрлық технологиялар білім саласын дамытуға қандай әсер тигізеді? Бұл сұрақтардың жауабын бағдарлама барысында біле аласыздар.