Ертіс су жүйесі ұзындығы жөнінен әлем бойынша 6 орында тұр. Ол Амазонка, Ніл, ЯнцзЫ, ХуанхЭ және Миссисипи өзендерінен кейінгі ең үлкен өзен. Бұл өзен бастауын Маңғол - Алтай тауларының шығыс беткейінен алады. Жолай оған ұзын саны 7 мыңдай болатын жылғалар мен кішігірім өзендер қосылады. Сөйтіп ол Азия құрлығының кіндігінен Солтүстік мұзды мұхитқа жыл сайын 400 текше шақырымға жуық су жеткізушы Арнық атты өзенге айналады.
Бұдан 100 жыл бұрын, Ертіс пен Обь өзендері алқабын мекендейтін халықтың саны 10 мыңдап саналатын, ал қазір 10 млн-дап саналады. Жыл өткен сайын суға деген сұраныс арта түсуде. Ал оның көлеміне келсек керісінше ғаламдық климаттың өзгеріне байланысты әлем бойынша су көлемінің азаю тренді байқалып отыр. Таулы аймақтарды шаруашылық мақсатында игеру, су жиналатын жерлердің тарылуына әкелуде. ХХ ғасырдың соңына қарай Қара Ертістің ҚХР-ның шекарасындағы 1 жылдық орташа ағыны 9 текше километр, ал Ресей шекарасында шамамен 20 текше километрдей болады. Қазақстан жерінде Ертіске Алтай мен Сауыр тауларынан ағып шығатын ірілі-ұсақты 100-деген өзен мен жылғалар қосылып оның ағынын бірнеше есе молайтады.
Өзеннің жоғарғы ағысын, яғни бастауынан Зайсан көліне келіп құйғанға дейінгі аралығын «Қара Ертіс» деп атайды. Бұл гидронимнің этимологиясына келсек Түркі тілінде «Қара Ертсиш» сөзі жерден басталатын, яғни жер астынан шығып жатқан бұғақ деген мағына береді. Бұл ежелгі атауды жер асты суларынан, қар мен жаңбырдан нәр алатын Қара Ертіс өзеніне тауып қойылған ат деуге болады. Дегенмен оның кейбір салалары бастауын мұздықтардан алады.