Бүгінгі бағдарлама ел атын шығаруға өз үлесін қосып жүрген Қазақ опера өнерінің примадоннасы – Жаннат Бақтайға арналмақ. Опера әншісі шығармашылығының 30 жылдығын атап өтті.
Жаннат Бақтай – «Астана Опера» театрының жетекші солисі. Оның жан тебірентетін сопраносы әлем бойынша мыңдаған тыңдарманның көңілін баурады.
Әнші қазақ опера өнерінің негізін қалаған атақты музыканттар әулетінен шыққан. Олардың арасында Сегіз сері, Бекен Жылыспаев пен әншінің туған әкесі – кеңестік және қазақстандық әйгілі опера орындаушысы - Кеңес Бақтай бар. Сонымен қатар танымал композиторлар Еркеғали Рахмадиев пен «Біржан Сара» операсының музыкасын жазған Мұқан Төлебаев та осы әулеттің өкілдері.Бүгінде Жаннат Бақтай атақты сахналардағы айтулы кештердің қадірлі қонағы.