Адамдар жас-кәріге емес, өмірге құштар немесе селқос боп бөлінеді-ау, сірә. Себебі жас болса да, селқос өмір сүретіндер бар. Керісінше егде тартса да, түрлі аспапта ойнап, тігіс тігіп, ән салып өзінің жаны сүйетін іспен айналысып, бір тыным таппайтын адамдар бар. Қарап отырып қарт деуге қимайсың. Бүгінгі кейіпкерлеріміз дәл осындай жандар.