Нұр-Сұлтан қаласы – Қазақстанның жүрегі, жас әрі таңғажайып елордасы.
Заманауи елорданың символы қаланың бас алаңында бой көтерген «Бәйтерек» монументі тұр. Ескерткіш ежелгі көшпенділердің жерді тамырымен орап, көкті тәжімен тіреп тұрған өмір ағашы бәйтерек туралы идеясын бейнелейді. Ол өзінің тарихи тамырынан нәр алып, беріктігін сақтайтын асқақ жарқын болашаққа ұмтылған мемлекетті бейнелейді.