«Даусымның аты - лирико коларутирный сопрано, диапазоны - 2,5 октава. Өмірде де, сахынада да шынайы бақытты адам болуға армандаймын, және де әлемге Қазақстанымыздың атын танытқым келеді», – дейді опера әншісі Мәдина Оразбай.
Мәдина Оразбай – 21 жастағы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 3 курс студенті. 14 жасында Елена Образцованың VI Халықаралық жас вокалистер байқауында арнайы дипломмен марапатталады. 17 жасында Ресей мен Испанияда өткен Халықаралық вокалистер конкурсының лауриаты атанды. Рахима Жұбатырова атындағы І халықаралық опера әншілерінің жеңімпазы. Бибігүл Төлегенова атындағы Х халықаралық байқаудың лауриаты.