«Егер балалар үйі болмаса, мен қазақ тілін білмес те едім, домбырада ойнап, Димаш Құдайбергеновпен бірге үлкен сахнада тұрып Елбасының алдында өнер көрсетпес те едім», – дейді музыкант Алексей Лодочников
Алексей Лодочников – 22-дегі жас музыкант. Домбырада ойнайды, ән жазады. Актер ретінде сериалдың түсіріліміне қатысқан. Қазақстанның «100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы.