Назым Қарпықова –
Қазақстанның сән индустриясында өзіндік қолтаңбасы бар дизайнер. Бұл
бағдарламада оның бала арманынан бастап, халықаралық деңгейге шыққанға дейінгі
жүріп өткен жолы баяндалады.
Ас үйінде өзіне белдемше
тігуден бастаған жай ғана ерекше киінуге деген қызығушылық Назымды сән үйін
ашуға итермеледі. Отбасы мен аналық міндетіне қоса жеке кәсіпті қатар алып жүру
әйел адам үшін нағыз ерлікпен тең.
Назымның өмірі нағыз
мотивацияға толы. Ол өз еңбегімен ғана емес, адамгершілігімен, командасына
деген жауапкершілігімен және қазақтың мәдени кодын әлемге таныту миссиясымен
ерекшеленеді.

