Мысықтар – планетамыздағы ең жұмбақ тіршілік иелерінің бірі. Әлемнің барлық елдерінде оларға байланысты ырымдар, құпиялар мен аңыздар көптеп кездеседі. Австралияда қара мысық сәттілік алып келеді деп санайды, керісінше ақ мысықпен кездессе жол болмайды деп ойлайды. Ресейде мысық – үйді зұлым күштерден сақтайды дегенге сенеді, егер ол той кезінде жас жұбайлардың жанында түшкіретін болса, онда ол отбасының босағасы берік болады деп түсінген. Қазақтар керісінше, мысықтарды жүкті әйелдердің, кішкентай балалардың жанына жолатпаған. Дегенмен мысық – мешітке кіруге рұқсат етілген әлемдегі жалғыз жануар.
Ешқандай жануар өзіне дәл осындай қарама-қайшылыққа толы қатынас көрсетуге итермелеген емес және дәл осындай жұмбақ әрі оғаштау беделге ие болған емес. Бұл немен байланысты? Жалпы мысықтың көшпенділер мен ежелгі өркениетті елдердің өмірінде алатын орны қандай еді?