Сочикалько қаласындағы «Кетцаль-коатль» құдайына арналған пирамиданың қабырғасында «малдас құрып отырған ер адам» бейнесі бедерлеген. Бұл нені білдіреді? Майялар күнтізбесінің қазақтың жыл санауымен қандай ұқсастығы бар? Үндіс тайпаларының қай жоралғысы түркі халықтарының «тасаттық беру» рәсімімен үндеседі?
Америкалық үндістердің алтын бесігі – Алтай. Бұл байламға айғақ болар ақпараттарды «Бабалар ізімен» ғылыми экпедициясы Сочикалько қаласынан да тапты. Ол Мехикодан екі сағаттық қашықтықта Морелос штатының батысында орналасқан. Көне мекеннің тарихы біздің заманымызға дейінгі 200-ші жылдардан басталады. Ал қала ретінде қалыптасып, дәурен салған дәуірі 700-900-шы жылдардың аралығы. Бүгінгі күнге жеткен ғимараттардың барлығы осы кезеңде салыныпты.