Халықаралық валюта қорының бас директоры Кристин Лагард Қазақстан болашағы зор ел деп мәлімдеген болатын. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері республика айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Әсіресе халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі артып, өнеркәсіп дами түсті. Қазақстанның экономикасы қалай дамып, қандай кезеңдерді бастан кешірді? Экономика саласындағы алдағы перспективалар қандай? Бұл жайлы Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Марк Хортонмен эксклюзивті интервью барысында білетін боламыз.