Көркіне көз тоймайтын Баянауыл тауын араладық. Қазақ елін қалмақтардан қорғау жолында қаза тапқан Жасыбай батырдың ескерткішіне тағзым еттік. Қазақ елінің көгіне күн болуды армандаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың басына зиарат жасадық. Іргесі 1915 жылы қаланған Майқайың ауылының тарихымен таныстық.