Британдық тау-кен инженері Нельсон Фэллдің ұрпағы Джейми Вэнс «Лондон-Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағыты бойынша жолға шықты. Ол Ұлытаудың киелі жерлеріне барып, қазақтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Қарағандыдағы революцияға дейінгі көне шахтаны өз көзімен көреді. Джейми ежелгі металлургия орталығы Талдысайдағы қазба жұмысына келіп, Археолог Антонина Ермолаевамен танысады.