Кремльдің Георгиевский залында әртүрлі соғысқа қатысқан батырлардың есімі алтын әріптермен жазылып тұр. Сол тізімде жалғыз қазақтың аты бар. Ол кімнің есімі? Бұл тұлғамен таныс болған әрбір адам (олар патшалар мен сұлтандар, қала ақсүйектері мен қалалық ханымдар, жауынгерлер мен қарапайым көшпенділер) оның ақсүйектер тұқымы – Шыңғыс ұрпағынан екенін жақсы білді. Ол Ғұбайдолла Жәңгірұлы Шыңғысхан. Бұл офицер кім? Туған жері қайда? Қай жылдары өмір сүрді? Оны анықтау үшін әйгілі Шыңғыс ұрпағы ғұмыр кешкен заманға аттанайық. Бұл жөнінде «Enigma of the Great Steppe» жобасынан біле аласыздар.