Консилиум

Оның ішінен «Аңсаған сәби» мемлекеттік квотасын белгілі себептермен іліне алмайтын алты келіншекті таңдап алып, оларға консилиум кезінде хабарласады. Кейіпкерлер: Алматы, Жаңаөзен, Қаратау, Павлодар, Астана қалаларының тұрғындары екендігі анықталады. Дәрігерлер оларға алдағы уақытта Астана қаласында орналасқан ЭКО орталыққа келулері керек екендігін мәлімдейді. ЭКО жасалатын алты кейіпкеріміздің екеуі Алматы өңірінің тұрғындары. Ләйлә Сұлтанқызы бастаған шығармашылық топ Алматыға іс-сапармен барып, екі келіншекпен және олардың туыстарымен жақынырақ танысатын болады.