Әнел Ниязбекованы америкалық отбасы төрт жасында асырап алған. Әнел қазақ тілін үйреніп жүр, қазақ музыкасын жақсы көреді. Чикагодағы қазақтармен араласады.Әнел шетелдіктер асырап алған балалардың жан әлеміндегі құбылыстарды баяндайды.
Бұл бағдарлама – шетелдегі қазақ балаларына берілген платформа. Журналистің жеке ой-пікірі қозғалмайтын ерекше форматтағы дүние. Әнелдің қандай ойымен бөлісетінін «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының келесі бөлімінен көріңіздер.