Иесіне адалдық танытқаннан болар, итті қазақ жеті қазынаның біріне қосқан. Алайда ондай құрметке кез келген ит ие бола бермейді. Көшпенділер бұл жануардың тек бір түрін ғана құрметтеген. Ол, әрине – тазы.
Қазақтарда итке қатысты қандай ырым-тиымдар кездеседі? Ежелгі кинологтар итті қалай таңдаған? Иттердің ең көне түрлерінің бірі Жер бетінен қалай жоқ болып кете жаздады? Бұл сұрақтардың жауабын бағдарлама барысында біле аласыздар.