Атлант мухиты, ормандар мен саванна.... Африканың Батыс бөлігінде Боб Усорох дүниеге келді. Көптеген жылдар бойы оның елінде әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысып жатты. Жаңа мәдениет пен діндер де пайда болды. Алайда, халық өмірінде қандай өзгерістер болса да, өздеріне тән ұлттық ере кшеліктерін сақтап қала алды. Біздің кейіпкеріміздің шыққан жері – Нигерия. Бұл Африкадағы ең тығыз орналасқан ел саналады.
Ол бізге конга мен бонго барабандарының дыбысын тыңдатты. Біздің елде үй салды. Жаңа достар тапты. Ән айта бастады. Сондай ақ өнердегі өз бағытын ойлап тапты.
Бағдарламамыздың бүгінгі кейіпкері – Боб Усорох. Бүгінде Боб Қазақстанда отбасын құрып, бес баланың әкесі атанғаны үшін бақытты. Оның достары да осында. Боб сүйікті ісімен айналысады және өнер бағалаушылармен бірге тылсымы мол шексіз әлемді тануға тырысады.