Ежелгі көшпенді халықтың негізгі байлық көзі мал болғаны белгілі. Ежелгі заманнан бері малшылықпен айналысатын көшпелі халық тұрмысына қолданатын түрлі дүниелерін төрт түлік малдан шығатын шикізаттан өндірген. Солардың бірі – көшпенділер тұрмысында ерекше орын алған – тері өндірісі. Тері өңдеу – көшпенділердің ежелгі кәсібі. Оларды киім тігуге, ат әбзелдерін, қару-жарақтарын, тіпті ыдыс-аяқтарын жасауға да пайдаланған. Былғары дайындалатын бірден бір шикізат – тері. Көшпенділер негізінен жылқы мен қой терісін пайдаланған. Олардан шекпен мен шалбарлар тіккен.
Тері илеп, былғары алып, одан түрлі өнімдерді шығаруды үйрену үшін бағдарлама жүргізушісі Самат Толықбаймен Тараз қаласына аттанбақ. Заманауи Қазақстандағы былғары өндірісі қалай дамуда? Сапалы аяқ киім қандай болу керек? Бұл сұрақтардың жауабын бағдарлама барысында біле аласыздар.