Қазақстанда ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңес құрылды. Премьер-Министр
тиісті құжатқа қол қойды. Оның құрамына бірқатар министрліктің басшылары және
салалық медицина және зерттеу орталықтары мен институт жетекшілері кіреді. Ядролық
физиканы дамыту жөніндегі кеңес Үкімет жанындағы консультативтік орган болмақ. Оның
мақсаты - елде радиохимияны дамыту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.