Бұл Цифрлық трансформация тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында қолжетімді болады. Сонымен қатар ол мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін толық цифрландыруға, IT-өнімдер мен қызметтер экспортының көлемін 1,5 млрд долларға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ, Astana Hub технопаркі аясында шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Тағы бір айта кетерлігі тұжырымдама аясында республикада өңірлік цифрлық хабты қалыптастыру, байланыс саласын одан әрі демонополизациялау, киберқауіпсіздікті кешенді нығайту және денсаулық сақтау, білім беру, азаматтық қауіпсіздік салаларында жасанды интеллектіні дамыту үшін негіз құру жөніндегі шаралар іске асырылады.