Қазақстан халқы бүгін Конституция күнін атап өтуде. Еліміздің басты құжаты 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Содан бері бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады. Негізгі Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде базалық негіздерін бекітті.
Қазақстан Конституциясының қалыптасу тарихы қандай? Қазақстандықтардың басты құқықтары әрі азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері қандай? Әлем елдерінің Конституциясында қандай мүмкіндіктер бар және ғарыштық құқық дегеніміз не?