Бағдарламада Қазақстанды мекен еткен айырқалпақты ағайын туралы сөз қозғаймыз. Деректерге жүгінсек, Қазақстанда 200 мыңға жуық қырғыз өмір сүреді. Олардың бірі елге білім қуып келсе, енді бірін тағдыр айдап келген, ал кейбіруі өнерін дамытуды мақсат тұтқан. Қазақстанда қырғыз ұлтының талантты да, талапты өкілдері өмір сүреді. Солардың бірі – графист, суретші, скульптор, зергер Надырбек Жээренчиев. Надырбек Тоқталыұлы Қырғызстанның Ат-Башы ауданында туып-өсті. 1980 жылы Қырғыз мемлекеттік көркемсурет училищесін тәмамдап, 1982 жылы Алматыдағы сол кездегі мемлекеттік театр және көркем өнер институтына оқуға түсті. Сондай-ақ шығарылымда суретші Нұржан Абдиеваның қазақ жеріне қоныс аударуының себебі айтылып, көрсетіледі.