«Қазақстан халқына» қорына кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардан 115 млрд теңгеден жоғары қаржы жиналды. Бұл туралы қайырымдылық ұйымының ресми өкілі Әлібек Әділов айтты. Оның айтуынша, 4 күн ішінде 10 мыңнан аса хат келген.
Айта кетейік, қорға кез келген Қазақстан азаматы өтініш бере алады. Ол үшін арнайы сайтқа кіру керек. Сараптамалық комитеттер қабылданған сұрақтарды әр сала бойынша іріктеп, қор басқармасына жібереді.
Әлібек Әбділов, «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі:
- Көмек әр бағытта сұралып жатыр. Денсаулыққа қатысты ем алуға өтініш берушілер саны көп. Сирек кездесетін ауруларды емдеу бойынша да өтініштер келіп түсуде. Бұл қордың алғашқы сарапшылық комиссиясында қаралмақ. Жақын арада емге бөлінетін қаражат бойынша шешімімізді жария етеміз. Бұл жерде басымдық бірінші келіп түскенге емес шұғыл, көп күттірмейтін өтінішке беріледі.