Соғыстың алғашқы жылдары Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер көшірілді.
Әр он оқтың тоғызы Қазақстанның қорғасынынан құйылды.
Қазақстанның майдан даласынан қашық жатқанын, соғысқа дейін құрылған өнеркәсіп базасының, тармақталған теміржол желісінің бар екенін, отын-энергетикалық және шикізат базасының айтарлықтай қуаттылығын ескере келе, біздің республикамыз тылдағы маңызды стратегиялық ауданға айналды. Сөйтіп, ондаған кәсіпорынды осында алып келуге шешім қабылданды. Эвакуацияланған зауыт-фабрикаларды негізінен, Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларына әкеліп, орналастырды.