Париж – әлемдегі ең атақты қалаларжың бірі, романтикаға толы шаһар, сән әлемінің орталығы, ақиық ақын-жазушыларға, суретшілер мен музыканттарға ерекше шабыт сыйлайтын мекен, бар әлемге танымал ғажап арxитектуралық мүсіндерге толы ашық аспан астындағы музей. Қаланың басты кереметіне көрініс Трокадеро алаңынан ашылады. Бүгін ол әдеттегідей туристерге лық толы. Алайда, үйреншікті шансонның орнына xалыққа өзге музыка тарту етілді. Париж аспаны домбыраның күмбірімен айқындала түсті.
Ашық аспан астындағы кішігірім концерт Қазақ ҰӨУ студенттерінің бастауымен өтті. Ендеше бүгінгі бағдардамамыз студенттік оркестрдің Франциядағы гастрольдік сапары жайында болмақ.