Археология мамандарының айтуынша, Америка құрлығындағы алғашқы адам осыдан қырық мың жыл бұрын пайда болған. Ал бүгінгі күні «үндістер» атанып жүрген халықтардың Алтайдан күншығысқа қарай аттануы, сол кезеңге сәйкес келеді. Сол себептен «Жаңа әлемді» ашқан – Христофор Колумб емес, прототүркілер» деген тұжырымды ғалымдар жиі айта бастады... Өткен күндердің өзегінен сыр суырып жүрген, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы да – айтулы байламды айғақтар мәліметтер жинауда. Керуен сапының келесі аялдамасы – АҚШ-тың астанасы Вашингтон.
Қай үндіс тайпасының тілінде тотем ұғымы «тек» мағынаны білдіреді? Қазақ рулары мен үндістердің дүниетанымындағы ұқсастықты танытатын қандай таңба? Америкадағы үндістердің қанша проценті федералды биліктің мойдауына ие? Бағдарлаада америкалық үндістердің тотемдік наным-сенімдері мен бүгінгі өмірі туралы толығырақ баяндалады.