Павлодар! Қаланың аты кімнің құрметіне қойылды, Қазақстанның ірі өндіріс орталығының бірі саналатын бұл қалада қызыға тамашалайтындай не бар екен, соны біз бүгінгі бағдарлама барысында айтып береміз.
Павлодар — Солтүстік Қазақстанның ірі қаласы, Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Ол Ертістің оң жағалауында, оңтүстік Сібір теміржол магистралінің қиылысында орналасқан. Қала мәртебесіне 1861 жылы 4 сәуірде ие болған. Павлодардың аумағы 400 км2 (шаршы шақырым), ал қала халқы 340 000-нан асады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақ квест ойынының шарты бойынша Айдын Жасыбай 3 тапсырманы орындап, еліміздің әрбір қаласындағы жасырылған жерді табуы керек.