Киім – өркениеттің белгісі. Адамдар етек-жеңін жаба бастаған кезде мәдениет пайда болды. Ертеректе киімнің басты қызметі – адамды суықтан сақтап, қорғау еді. Кейінірек оны өзімізді көріктірек етіп көрсету үшін қолдана бастадық.
Тарихқа үңіліп, ата-бабамыздың тұрмыс-салтын еске түсіретін болсақ, олардың да киім мәселесіне келгенде құр алақан еместігін байқаймыз. Көшпелі жұрт ғасырлар бойы өзіне тән киім үлгісін тігіп, оны кереметтей безендіріп, ұлттық мәдениетінің бір бөлігіне айналдырды.
Киім-кешек адам өмірін қалай өзгертті? Көшпенділердің киімі қандай болды және ол не мағына берді? Қазақ киімінің астарлы мағынасы қандай болды? Ұлы далада сән деген мағына болды ма? Бұл сұрақтардың жауабын толығырақ бағдарлама барысында біле аласыздар.