2,5 мыңға жуық адамның қатысуымен бір жарым жылға жалғасқан жуық түсірілім жұмыстары. «Қазақфильм» киностудиясы режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты тарихи экшн-драмасын көпшілікке ұсынды. Шығарма Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтанның бала күні, жастық шағы және Хан тағына отырған сәттерін баяндайды. Фильмнің түсірілімі Алматы облысының Жаркент қаласы мен Кеген ауылы маңында жүргізілді. Ал Қапшағайда күрделі сахналардың бірі – Ұлытаудағы шайқас түсірілген. Иә, картинада 20 минуттық ауыр шайқас көрсетіледі. Кинорежиссер Ақан Сатаевтың пікірінше, туындының күрделі бірақ ең шарықтау сәті де сол сахна.
Ақан Сатаев, «Ұлы дала таңы» фильмінің режиссері:
– 14-15 ғасырдағы хикая ғой болған, біздің тарихымыздағы ең бір маңызды беттері деп айтуыға болады. Әрине, бұл салада Қасым хан бабамыздың орны бөлек. Мұндай тұлғаны шығару мен үшін бақыт, үлкен жауапкершілік. Әрине, көрермендердің көңілінен шығады деген үміттемін. Қиыншылықтар болды, иә. Өйткені, қыстың күні де түсірдік, жаздың күні де түсірдік. Арасында демалып, тұрақтап қалдық. 2,5 сағат ішінде 20 минуттық шайқас сахналары бар. 20 минут – ол өте көп негізі. Оның дайындығы өте күрделі болады.
Кең ауқымды тарихи жобаның басты рөлі – танымал отандық актер Берік Айтжановқа бұйырды. Оның айтуынша, батыр бабамыздың рөлін сомдау қиыншылық тудырмаған, алайда көрермен алдындағы жауапкершілік үлкен. Фильмге дайындық жұмыстары барысында кастингке алты мыңнан астам онлайн өтініш келіп түскенін айта кеткен жөн.
Берік Айтжанов, Қасым ханның рөлін сомдаған актер:
– Біріншіден, бұл туынды бізге өзімізге қазақ елімізге керек. Өйткені қазіргі таңда жастарға көп өнеге, тәлім берері өте мол батыр Балаларымыздың елін, жерін қорғаудағы елдігі мен бірлігі, ерлігі – өскелең ұрпаққа патриоттық рухты үндейді, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, тәуелсіздігіміздің құндылығын ұқтұрып, қастерлеп, құрметтеуге үйретеді.
Тарихи экшн-драманың сценарий авторлары - танымал кинодраматург Бекболат Шекеров, Назира Бақаева және Ақан Сатаев. Ауқымды жобаға тарихшылар, сәулетшілер мен этнограф-қару-жарақ сарапшылар арнайы шақырылған.
Автор: Ақзер Сегізбай