Қай уақытта болмасын, қаланы көгалдандыру және абаттандыру аса жауапты міндеттердің бірі саналған. Осы орайда Орталық Азияның ірі шаһарларының безендірілуі әлем мегаполистерінен несімен ерекшеленеді? Ландшафт дизайнының қыр-сыры қандай? Шығарылымда қалаларды безендіру мәдениеті туралы баяндаймыз. Көрікті шаһар деген ұғымды қарапайым тұрғындар қалай түсінеді? Заманауи технологиялар мен көне дәстүрлерді қалай үндестіруге болады? Ландшафт дизайнын тілге тиек етіп, Орталық Азияның үш ірі мегаполисіне бейнесаяхат жасаймыз. Қаланың эстетикалық бейнесі, микроклиматы қалай жасалады? Сондай-ақ оны тұрғындар қалай қабылдайды екен? Бұл туралы «Colours of Asia» бағдарламасынан біле аласыздар.