Олар: Камила Сыдықбаева – 27 жас, Іле ауданы (Алматы облысы); Айжан Қасымбекова – 41 жас, Іле ауданы (Алматы облысы); Мадина Мадимова – 34 жас, Астана қаласы. Үш пациенттің ЭКО бағдарламасын репродуктолог-дәрігер Ислам Дәуренұлы жүргізеді. Бағдарламаның бұл шығарылымында Ислам Дәуренұлы Ләйлә Сұлтанқызымен бірге пациенттерді клиникада қарсы алып, тексерістен өткізеді. Сонымен қатар, пациенттерге физиологиялық көмектен бөлек, рухани дем беру үшін қоғамда айтар ойы бар Нұрлан имаммен еркін атмосферада кездесу ұйымдастырдық. Келіншектер дәрігерлерден ем-домдарына қатысты нұсқаулық алғаннан кейін, бір-бірімен жақын танысу мақсатында фотосессия да ұйымдастырдық.