Қазақстан астанасы екінші жыл қатарынан Ironman жарысын ұйымдастырды. Бұл кәсіби атлеттермен бірге әуесқойлар да сайысқа түсетін жалғыз спорт түрі. Бүгінгі бәсекеге мың жарымға жуық қатысушы тіркелді. Бүгінгі бағдарламамызда аталмыш Ironman жарысына барамыз. Футболдан ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы Давид Лориямен әңгімелесеміз. Жақында ол жасыл алаңдағы кәсіби мансабына нүкте қойды. Қазақстандағы регбидің жай-күйімен танысып, спортшыларымыздың жетістіктерін сөз етеміз.
Ironman жарысы туралы ақпарат:
Қашықтық үш кезеңнен тұрады. Спортшылар ашық суда 1900 метрге жүзіп, велосипедпен 90 шақырымға жарысады, сосын 21 шақырым жүгіреді. Бұл «темір қашықтық» саналатын сайыстың тек жартысы ғана. Қатысушылардың ең жасы – 18-де. Кәмелет жасына толмаған спортшылар жарысқа жіберілмейді.