Инвестициялық даулар: АХҚО Соты мен Төрелік орталық

Қазақстанға пандемияға дейін 300 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция құйылған. Осы көрсеткіш экономикадағы шетелдік ақша көлемі бойынша елімізді аймақтағы көшбасшыға айналдырды. Әрине, біз оған оңай жеткен жоқпыз. Инвестициялар тек қолайлы жағдай жасалғанда ғана құйылатыны анық. Осы орайда, «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы Сот және Халықаралық төрелік орталығының қызмет етуі - инвесторлар үшін маңызды фактор.