Бағдарламамыздың бүгінгі қонағы – ИАҚҰ (IOFS) бас директоры – Ерлан Әлімжанұлы Байдәулет. Бүгін біз ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы) жанынан Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының қызметі мен қалыптасуы туралы сөз қозғаймыз.
IOFS дегеніміз не және оның әлемдегі, сондай-ақ біздің елдегі негізгі міндеті қандай? Бұл ұйымның құрамына 30-дан астам ел кіреді ғой? Ұйым қазақстандық ірі азық-түлік өндірушілері үшін қандай мүмкіндіктер ұсына алады? Қазақстан ИЫҰ-ның барлық 57 елі үшін ірі халықаралық азық-түлік хабына айнала ала ма?