1917 жыл. Ресей империясының дәурені аяқталып, Қазақстан мен қарамағында болған өзге де елдерді ұзақ жылдар бойы уысында ұстап тұрар жаңа тоталитарлық Кеңес үкіметінің уақыты келген аласапыран шақ. Өзімен бәсекелес бола алатындардың бәрін аяусыз жоқ қылып, миллиондаған бейкүнә жанның тағдырын ойран қылған үкімет билік тізгігін мықтап қолға алған кез. Алайда қаншама адамның көз жасына қалған мемлекет небәрі 70 жыл ғана салтанат құрып тұрды.
1917 жылы Октябрь революциясы келіп, Ресейдің патша анархиясының құлауы онымен қаншама уақыт күресіп келгендер үшін күтпеген оқиға болды.