Кинодағы өмір немесе өмірдегі кино. Бүгінгі бағдарламамыздың кейіпкері - Елжас Рахимбеков. Ол – таланатты кинорежиссер. Жүргенев атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына оқуға түскен. Екінші курстан кейін «Болашақ» бағдарламасының грантымен білім алуын Нью-Йорк киноакадемиясында жалғастырады. АҚШ-та жүріп «El Freeman» толықметражды фильмін түсіреді. Аталған картинасы үшін 2018 жылы Мадрид кинофестивалінде «Үздік режиссерлік дебют» номинациясының сыйлығына ие болды.
Елжастың бала күнінен әдеттен тыс, ауқымды, ерекше бір дүние жасасам деген арманы болған екен. Бағдарлама барысында өзі туралы, кинокейіпкері туралы, уақыт туралы айтып беретін болады.