Тәсілді кез келген адамға үйретуге болады, ол тек тәсіл ғана, бірақ керемет жетістіктің кілті – шабытта және қандай бейнелер арқылы ойлайтыныңда.
Жәния Әубәкірованың «Сырлы сұхбат» авторлық бағдарламасының кезекті қонағы – интуиция саласының сарапшысы және психологиялық бағдарламалар бойынша жаттықтырушы Бауыржан Мұратов. Бауыржан мен Жәния адамның табысқа жетуіне оның өзіне деген сенімі қалай әсер ететінін талқыламақ. Өнерде, спортта және бизнесте жетістіктерге жетелейтін психологиялық тәсілдер қандай? ХХІ ғасырда адамдар неліктен менталды денсаулыққа ерекше көңіл бөледі?