Қазақстанда Гомер шығармасында суреттеген халық өмір сүрген. Одан парсы патшалары Ксерк пен Дарий қорыққан, оларды кентаврларға теңеп, сиқырлы қасиеттері бар деп санаған.
Жетісуда ежелгі өркениеттің көптеген ескерткіштері кездеседі. Бұл жер – осында қоныс тепкен халықтардың бізге қалдырған мұрасы. Бірақ Жетісуда тағы бір жер бар, ол тек тарихи және археологиялық жағынан ғана қызығушылық тудырмайды. Оның ең тылсым әрі киелі жер ретіндегі орны ерекше. Бұл – Есік қорғаны.
Ежелгі сақ тайпаларының өркениеті қандай құпияларды сақтап жатыр? Бүгінде Есік қаласы орналасқан Ежелгі жер бұлар жайлы не айта алады? Неге бұл жерді қазір «киелі жер» деп санайды? Есікте басқа әлемдерге кіретін құпия қақпа бар ма? Алтын адам өмір сүрген жер расымен табылған ба?
Есіктің археологиясы, тарихы мен тылсымын бүгінгі бағдарламадан көресіздер.