Әлемде көргенде көз сүріндірер көптеген әдемі әрі көрікті жерлер бар. Табиғат – әдемілікті жасайтын ең керемет жаратушы. Алайда әдемілікпен қоса табиғи апаттардың да болып жататынын ескеру қажет.
Табиғаттың кенеттен болатын соққылары Қазақстанда да орын алған. Алайда бұл қайғылы жағдайлардың ешқайсысы 1963-жылы Алматы облысында болған табиғат апатындай құпия ұсталған емес. Есік көлі трагедиясының нақты жай-жапсарлары мен себептерін, сонымен қатар ондаған жылдар өткеннен кейін ғана ашылған құпиясын, осы және басқа да жағдайларды дәл осы бағдарлама шығарылымынан көресіздер.
Қайғылы жағдай қалай болды? Адамдардың құрбандығының алдын алуға болар ма еді? Куәгерлер не дейді?