Қазақстанның әлемдік көшбасшылар қатарынан көрінуі мен ел экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейінің артуы өнеркәсіптің инновациялық даму тиімділігімен анықталады. Бұл өз кезегінде озық білім мен жаңа технологияларды өмірге әкелетін ғылыммен және өндіріспен жүйелі байланыстағы жоғары техникалық білім саласын жаңғыртуға байланысты.