Алматы қаласындағы И. С. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы. Дәл осы жерге COVID-19 диагнозы қойылған жағадайы орташа және өте ауыр адамдар келген еді. Көктемдегі карантиннен кейін вирустың жаппай таралуы көпшілікке ауыр тиді. Айтпай келген бұл ауру қанша адамның өмірін жалмады. Қаншама қазақстандықтың денсаулығына нұқсан келді. Елдің басына күн туғанда дәрігерлерге ауыр жүк түсті. Күндіз түні ағылған науқастардың өмірі үшін күресте олар жанұясын ұмытуға мәжбүр болды. Осы кезде дәрігерлерге волонтерлер, қайырымдық қорының өкілдері мен қарапайым адамдар көмек қолын созды. Олардың әр күні адам өмірі үшін күресумен өтіп жатты. Қуанышқа орай, медицина қызметкерлеріне көмекке келді. Олар волонтёлер, қайырымдылық қордың өкілдері және қарапайым адамдар.
Волонтерлер «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы мен «Құс жолы» фондының атынан 7 монитор табыстады.