Коронавирус эпидемиясы мен карантин отбасы мүшелерінің қарым-қатынасына кері әсерін тигізді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші, басқа елдермен қатар, Қазақстанда да артты. Карантин салдарынан, әсіресе, әйелдер мен балалар зардап шегіп отыр. Карантин неге агрессияға жол ашты? Қол жұмсаған адамға қандай жағдайда қатаң талап қойылады? Мемлекет пен қоғам жәбірленушіге қандай көмек көрсетеді? Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз не істеу керек?
Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықты неге діни көзқараспен актайды? Ең маңызды сауалдар туралы «НеМолчи» қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Impactful бағдарламасында Ләззат Шатаеваға айтып береді.