Қазақстанда қазан айының соңында қызметін атқару барысында коронавирус жұқтырған дәрігерлерден әлеуметтік төлем талап еткен өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Пандаемия басталғалы бері елімізде 13 мыңнан астам медицина қызметкері вирус жұқтырған. Өкінішке қарай, 180-нен астам маман қайтыс болды.
Вице-министр Қиясовтың айтуынша пандемия басталғалы бері дәрігерлерге 84 миллиард теңгеден астам өтемақы төленген. Төлемге 9 мың 300 адам қол жеткізген. COVID.Chronicles бағдарламасының кезекті шығарылымында жұмыста жүріп коронавирус жұқтырған дәрігерлерге төленетін өтемақының не себепті тоқтатылғаны жөнінде айтамыз.