ТМД елдеріндегі граффите суретшілерінің шығармашылығындағы ерекшеліктер қандай?

Стрит-арт дегеніміз не? Жылсайын оның танымалдылығының артуына не себеп? Қазақстан, Әзірбайжан мен Қырғыстанның граффите суретшілерінің шығармашылығындағы ерекшелік қандай? Бұл туралы «Азия өрнегі» бағдарламасынан біле аласыздар!

Біз бағдарламамызды көше өнері тақырыбына арнауды жөн көріп отырмыз. Иә, соңғы жылдары аталмыш бағыт аймақтағы көптеген мемлекеттерде қарқынды дамығаны байқалады. Ендеше стрит-арт заманауи урбанистикалық өнердің бір түрі екенін естеріңізге салайын. Оған қоса, бұл бағыт қабырғадағы суреттер, қоғамдық орындар мен өзге де нысандардағы картиналар, көшедегі инсталляциялар, стикерлер мен постерлерді қамтиды.

Біз қоғамдық орындардағы бейнелер мен қабырғаларға салынған суреттерге тоқталатын боламыз. Өйткені дәл осы бағыт біздің аймақтағы көптеген шаһарларда дәстүрге айналған. Қала тұрғындарының да стрит-артқа деген қызығушылығ ерекше екенін атап өткен жөн. Қазіргі таңда қабырғаға салынған алғашқы суреттер қайда және қашан пайда болды деген сұраққа нақты жауап беру қиын. Жалпы, бейнелеу өнерінің қай түрі ең бірінші дамығаны да түсініксіз. Иә, бүгін әлемнің көптеген қалаларын граффити немесе қабырғаға салынған үлкен көлемді суреттерсіз елестету мүмкін емес. Бастапқыда, мұны бәз біреулер бұзақылық, вандализ деп қабылап жүрді. Ал қазір, стрит-артты халық өнер туындысы ретінде бағалайды.